Мамин биыл мемлекеттік қызметкерлердің саны қаншаға қысқаратынын айтты

12 Ақпан 2021, 11:57
1136
Бөлісу:
Мамин биыл мемлекеттік қызметкерлердің саны қаншаға қысқаратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

«Есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар» бағдарламасының төртінші бағыты аясындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыруға, құқық қорғау және сот жүйесінде реформалар жүргізуге, азаматтық қоғамды дамытуға және сыртқы саяси бағытты сақтауға бағытталған 83 іс-шараны іске асыру көзделеді, - деді Мамин. 

Ол атағандай, халық пен бизнестің мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылып, электрондық форматқа көшіріледі. Биыл қызметтердің 92% цифрландырылады. 2021 жылы мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік сектор қызметкерлерінің саны 25%-ға қысқартылатын болады, - деді ол. 
Премьер-министр биылдан бастап қызметтерді өз бетінше электронды түрде алу үшін ХҚКО-ларды азаматтарға онлайн-кеңес беруге қайта бағдарлау бойынша жұмыс басталатынын айтты.
2022 жылы мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базалары әрбір азаматтың цифрлық бейінін жасай отырып, бірыңғай жүйеге интеграцияланатын болады, - деді Премьер-министр. 

Ол атағандай, мемлекеттік органдардың қызметіне жұртшылық тарапынан ашықтық пен тұрақты бақылау қамтамасыз етіледі. Биыл ҚР Президентінің тиісті Жарлығына қол қойылады.

Өзгелердің жаңалығы