Мамин ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар министрлікке міндет жүктеді

10 Маусым 2021, 11:07
2269
Бөлісу:
Мамин ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар министрлікке міндет жүктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар министрлікке тапсырма берді.

Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы және уақытында жүргізу үшін қаржылай әрі материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдер қабылданды. 

Алдағы уақытта алқаптарға күтім жасау және егін жинау жұмыстарына дайындық бойынша маңызды жұмыстар бар. Осыған орай Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Индустрия министрліктеріне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, агрохимикаттар мен минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ арзандатылған дизельдік отынның қажетті көлемін уақытында беруді қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.

Премьер-министр сумен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Экология министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, тез арада суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша қажетті жұмыс жүргізсін. Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, сапалы астық алу үшін нақты шаралар қабылдасын, - деп тапсырды ол.

Өзгелердің жаңалығы