Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды қазан айында аяқтауды тапсырды

2 Шілде 2021, 14:18
1655
Бөлісу:
Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды қазан айында аяқтауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Алтын Орда» базары маңындағы көлік айрығы – «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 16-19 км учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Жоба инженерлік коммуникацияларды қайта орната отырып, учаскені 4 жолақтан 10 жолаққа дейін кеңейтуді, негізгі магистральдық эстакаданы, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасын, Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды көздейді. Үкімет басшысы барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмыс қарқынын арттыруды және оларды биыл қазан айында аяқтауды тапсырды. 

Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды қазан айында аяқтауды тапсырды

Көлік айрығын осы жылғы қараша айында пайдалануға беру қажет. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысы арасындағы көлік қатынасын жақсартады,  -  деді А. Мамин.


Өзгелердің жаңалығы