4-8 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында ауаның ластануына байланысты денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау саласындағы әлеуетті нығайту мәселелері бойынша семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Санитарлық-эпидемиологиялық комитетке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған семинарға Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы денсаулық сақтау, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің өкілдері қатысты. ҚР ДСМ делегациясының құрамында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, оның аумақтық органдарының және ҰҚДСО өкілдері болды.
Семинар барысында қатысушылар GMAPS, Aphikom және т.б. сияқты ауаны ластаушы заттардың әсерін сандық айқындауға арналған әртүрлі бағдарламалық құралдарды талдады. AirQ құралы егжей-тегжейлі қарастырылды, оған сәйкес ауаның 6 негізгі ластаушы заттары (ҚБ2.5, ҚБ10 қатты бөлшектері, озон, азот қостотығы, күкірт қостотығы, көміртегі тотығы) есептеледі.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға атмосфералық ауаның негізгі ластауыштарын айқындау, аталған ластауыштардың адамдардың денсаулығына әсерін бағалау, талдау жүргізу және тиісінше атмосфералық ауаның ластануына байланысты денсаулыққа әсер ету тәуекелдерін төмендетуге және сырқаттанушылық пен өлімді азайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша одан әрі шешімдер қабылдау мақсатында ұсынылған құралды жұмыста қолдану ұсынылды.