Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Атакент» көрме кешенінде көшеден тамақтанудың қауіпсіздігіне бағытталған акция өткізді.
Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына көшеден тамақ ішіп, уланған адамға шұғыл көмек көрсетуге қатысу ұсынылды. Арнайыландырылған қойылым кезінде тамақтан уланып зардап шеккен адамға жанынан өтіп бара жатқан адамдар көмекке келіп, жедел жәрдемге хабарласты. Лезде келген медицина қызметкерлері уланған адамның денсаулығын тексеріп, оған алғашқы көмек көрсетті.
Осылайша, медицина мамандары жиналған жұртқа күнделікті көшеден тамақтанудан гөрі дұрыс, пайдалы тағамды тұтынудың маңыздылығын айтып, денсаулыққа мұхият қарау қажеттігін түсіндірді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатыбалдиевтің айтуынша, жаз мезгілінде тамақтан уланатындар қатары екі есеге дейін көбейеді және ескерту акциясы соның алдын алу үшін ұйымдастырылған.
«Жаз мезгілінде елімізде тамақтан улану жағдайы күрт көбейеді. Ол адамдардың көшеден тамақ алып жеуімен байланысты. Көшедегі тамақтар барлық талаптарға сай келе бермейді. Мәселен, тұрып қалған салат, дұрыс әзірленбеген гамбургерлер күннің ыстығында адам денсаулығына қауіп төндіреді. Уланудан адам емханаға түсіп қана қоймайды, өліп те кетеді. Сондықтан біз жұртшылықтың назарын осы мәселеге аудартқымыз келді. Біз ондай дүңгіршектерді жаба алмаймыз, ол уақыт талабы. Жұмысқа асығып бара жатқандар жол жөнекей тағамдарды сатып ала салады, бұл өте ыңғайлы. Дегенмен әрқашан не сатып алып жатқаныңа мән беріңіздер, тамақ иістеніп, не болмаса түрі ұнамай тұрса алмағаныңыз жөн», - дейді ол.
Сонымен қатар, ол қазір көкөністер мен жемістердің пісетін уақыты екенін, оны алған кезде мұқият болу қажеттігін айтты.
«Қауын-қарбыздың құрамында нейтрат, песицид өте көп. Маусым айында олар өздігінен пісіп үлгермейді, әрине өндірушілер оған дәрілерді қолданады. Бір сәттік пайда табу үшін олар осындай қадамдарға барады. Алайда жемістердің құрамынан ондай дәрілер анықталса өндірушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - дейді Руслан Сатыбалдиев.
Бүгінгі акция барысында жас дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өз тәжірибелерін байқатты. Сондай-ақ денсаулығы нашарлап, жол бойына отыра кеткен адамға көшеде өтіп бара жатқандардың немқұрайлы қарамай, көмекке келгені қуантты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көшеден тамақтанудың тағы да бір қауіптілігі – антисанитария және пайдаланылатын азық-түліктер сапасының төмен болуы. Бұлардың барлығы денсаулыққа, әсіресе көшеден көп тамақтанатын жастар мен жасөспірімдердің денсаулығына өте зиянды көрінеді.
Аталған шара медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселелеріне арналған «Баршаға денсаулық» VI Халқаралық конгресі шеңберінде өткізілді.