Маман жүкті әйелдердің вакцина алуына қатысты пікір білдірді

5 Мамыр 2021, 12:55
1841
Бөлісу:
Маман жүкті әйелдердің вакцина алуына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жүктілік кезіндегі ұрық өсімінің бұзылуы мен босанғаннан кейінгі асқыну саласындағы сарапшы Анар Қыстаубаева «Experts Hub Kazakhstan» жобасының сарапшылары қатысқан COVID-19 індетіне қарсы вакциналау жөніндегі ең маңызды сұрақтарға жауаптар бойынша өткен дөңгелек үстелде айтты.

Жүкті әйелдердің вакцина алуына қатысты зерттеулер әлі де жүргізіліп жатыр. Жүктілерді вакцинациялаймыз деген бірде бір нақты дереккөз таба алмайсыз. Алайда кейбір елдерде, мысалы, Израильде жүкті әйелдерге вакцина салу тәжірибесі бар. Науқас өзінің жүкті екенін білмей, вакцина салған кездер де кездеседі. Мұндай жағдайда вакцинациялауды тоқтатуға ешқандай себеп жоқ. Тек бақылауда ұстау қажет, - деді Қыстаубаева.

Ол атағандай, ал бала туғаннан кейінгі кезеңде ешқандай жанама әсерлер жоқ.

Жүкті әйел босанған соң, оның ағзасы өзге кезеңде болады. Ол вакцина салдыра алады. Ешқандай теріс көрсеткіштер жоқ. Ал жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдердің вакцина алуына қатысты көп аңыз бар. Кейбіреуі алуға болмайды дейді. Бірақ алуға болмайды деп айтатын жағдайлар да жоқ. Спутник-V векторлық вирус болғандықтан оны егудің теріс нәтижелері жоқ. Науқас жүктілікті жоспарлап жүрсе, вакцина алғаны дұрыс. Одан кейін бір ай күтіп, жүктілікті жоспарлау керек, - деді ол.
Айта кетейік, аталған жиын барысында инфекционист дәрігер Ләззат Ералиева «Вакцинаны егу маусымдық шараға айнала ма?» деген сауалға жауап берді.
Өзгелердің жаңалығы