Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық терапевт маман ұзақ жылдар бойы жас әрі белсенді болып қалу үшін неден бас тарту қажет екенін айтты.
Бұл туралы ол Eat This, Not That хабарлады.
Терапевт Томми Митчеллдің айтуынша, ең алдымен жас келбетті сақтау үшін ең алдымен қантты шамадан тыс тұтынуды тоқтату қажет.
Қантты шамадан тыс қажет ету әжімдер мен қартаю дақтарының пайда болуына ықпал етеді. Соның салдарынан тері әлсірейді. Қант сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің және басқа да денсаулық проблемаларының қаупін арттырады, - деп түсіндіреді дәрігер.
Маманның атап өтуінше, жастықты сақтаудың тағы бір маңызды факторы - уақытылы ұйықтау.
Митчеллдің мәлімдеуінше, ересек адам жақсылап тынығу үшін жеті-сегіз сағат ұйықтауы керек. Ұйқының жетіспеушілігі адам бойындағы дене кортизолды, стресс гормонын көбірек шығарады, оның шамадан тыс мөлшері ерте қартаюмен тікелей байланысты.
Дене жаттығулары жастықты сақтаудың тағы бір маңызды факторы. Олар сіздің бойыңыздағы жігерді арттырып, стрессті азайтуға көмектеседі. Жалпы, дененің барлық функцияларына оң әсер етеді , - дейді Митчелл.
Ол күніне сегіз-он стакан таза су ішуге кеңес береді, өйткені денедегі сұйықтықтың дұрыс деңгейі барлық мүшелер үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар терінің денсаулығына жақсы әсер етеді және оның қартаюын бәсеңдетеді.