Маман несиені адамдарға табысына қарай беру керегін айтты

18 Мамыр 2022, 13:27
1449
Бөлісу:
Маман несиені адамдарға табысына қарай беру керегін айтты
Фото: mybuh.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасының кезекті қонағы отбасылық қаржы кеңесшісі Ләйлә Нұрманова. Ол қаржылық сауаттылық туралы кеңестерімен бөлісті.

Азаматтарымызда негізсіз шығын көп. Оны жұмысымда жиі кездестіремін. Тұтынушылық несиес ол үлкен мақсаттардан туындамайды, оны тек күнделікті қолдану үшін алады. Тіпті қазіргі күні әлеуметтік желілерде жарнамалар да көбейіп кетті. Одан бөлек, азаматтар бөгде адамға қарап, олардың арман-мақсаттарын орындап жатады. Яғни тұтынушылық несиені алып, қымбат дүниелерге ұрынып жатады, - дейді ол.

Маманның айтуынша, кез келген несие адамның болашақтағы табысының шығыны болып есептеледі.

Өздеріңіз білетіндей, қазіргі күні күнделікті тұтынатын азық-түліктің өзін Kaspi red арқылы 3 айға бөліп төлеуге алатындар да бар.

Әр адам несиеге «батып» кетпеуді өзінен бастауы керек. Яғни білімімізді шыңдап, биікке ұмтылып, жұмыстан қашпаған жағдайда адам табысын өсіріп, оны тиімді жұмсауды білгенде ғана нәтиже болады, - деп есептейді сарапшы Ләйлә Нұрманова.

Одан бөлек, қазіргі күні табысы аз бола тұра қымбат Iphone-ды несиеге алатындар қатары да көбейіп кетті. Маман осыған қатысты пікір білдірді.

Iphone-ның орнына адам акция алып қойға, бірнеше жыл өткеннен кейін байып шыға келуші еді. Ал егер жұмысына қажеттілік болса, алуға болады, - деп айтты ол.

Сөзінше, ай сайын төлейтін несиенің көлемі табыстың 25%-ынан аспағаны жөн. Одан асып кетсе, күнделікті тамаққа, коммуналды шығын, жалдайтын үй және басқа да қажеттіліктерге жетпей қалуы мүмкін.

Қызығатын дүниелерімізді азайтып, сабыр сақтап, ақшаны жинағаннан кейін алуға да болады, - деді маман.

Банктер тұтынушылық несиелер көп табыс әкеледі. Өйткені оның пайызы 20-30-дан асып кетеді. 

Өзгелердің жаңалығы