Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эндокринолог және диетолог Алена Барредо күйзеліспен күресіп, ұйқыны жақсартатын өнімдерді атады.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Диетологтың сөзінше, ең алдымен магнийға бай өнімдерді тұтыну қажет. Олар: таңқурай, грейпфрут, авокадо.
Сонымен қатар ағзаға көкөніс салаттары мен тамаққа қосатын көк шөпте болатын В тобының дәрумендері де қажет. Пайдалы Омега-3 қышқылдары нерв жасушаларының оқшаулағыш миелин қабықшаларының синтезіне қатысады. Ол өз кезегінде нейрондардың жұмысын жақсартып, күйзеліске төзімділікті арттырады. Олар балық пен асшаян құрамында көптеп кездеседі. Бұдан бөлек триптофанға бай өнімдерді де тамақ рационына қосу қажет: банан, какао, балдыркөк. Олар нейрогормон серотониннің синтезін ұлғайтады. Нәтижесінде адам нерв жүйесіне зақым келместен, күйзелістен арыла алады, - деп атап өтті дәрігер.
Барредо азық-түлік өнімдері арасында нутқа, швейцариялық мангольдқа, жұмыртқаға және күнбағыс тұқымына ерекше мән берген жөн деп санайды.