Маман коронавируспен ауырған науқас қашан қауіпсіз болатынын айтты

10 Шілде 2020, 17:15
3026
Бөлісу:
Маман коронавируспен ауырған науқас қашан қауіпсіз болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Біз әлем бойынша жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша клиникалық хаттамаларды қайта қараймыз. Соңғы кездері аурудың 11 күнінен кейін науқас қауіпті болмайтынын айтып жүрміз. Науқас қажетінше далаға шыға алады. Ол ауруды жұқтырмайды, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол клиникалық хаттамада тұмау, ЖРВИ, аллергия сынды ауруларды ажырату бойынша анықтамалықтар бар екенін айтты. 

Бұл ақпараттар халыққа тартылып жатыр. Емханалар мен учаскелерде де бар. Аурудың түрін анықтау бойынша ақпаратты волонтерлар да таратып жүр. Ал клиникалық хаттаманың ережелерімен ресми сайттан таныса аласыздар, - деді "Астана медицина университеті" ҰАО Медициналық жедел жәрдем, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі.

Өзгелердің жаңалығы