Маман еркектерді қызмінезді етіп жіберетін әдет туралы айтты

15 Тамыз 2022, 12:16
2947
Бөлісу:
Маман еркектерді қызмінезді етіп жіберетін әдет туралы айтты

Бұл кеңесті соңғы уақытта әлеуметтік желіде медицинаны халықтың тілімен түсіндіріп жүрген дәрігер Қуанышбек Дәулетбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыраның құрамында құлмақ (хмель) деген зат бар. Егер ол адам ағзасына жиі түсетін болса, эстроген гармонын көп өндіреді. Эстроген әйелге тән гормон. Сыраны көп ішудің салдары уақыт өте келе, ерлердің бұлшықеттерінің босаңсуы мен жалпы әлсіздікке алып келеді. Кейін қарнына абдоминальды май , яғни «сыра қарын» жиналады.  Сорақысы, егер тұтынуды жалғастыра берсе, болашақта жүрек-қан тамырлары ауруларына тап болуы мүмкін, - деді маман.

Сонымен  Дәулетбаевтың айтуынша, адамды ауыртпай өлтіретін ағзаға бекем болу қажет.

Бізде ондай бірнеше ағза бар. Ол бүлініп, бұзылып жатуы мүмкін бірақ ауру сезілмейді. Бізде көпшілік бір жері қатты ауырып, тұра алмай қалмаса, дәрігерге келмейді. Оның біріншісі -  бауыр. Бауырдың нерв тіндері сыртқы қабатында болады. Ол ісініп, ұлғаймайса ауыруды сезбейсіз. Оның бірқатар жасырын белгісі бар. Басты белгілері адам денесінің сарғыштануы, бастың ауыра беруі, жеген тамағыңыздың дұрыс қортылмауы және адам бойын жалпы әлсіздік басуы, - дейді Қуанышбек Дәулетбаев. 

Өзгелердің жаңалығы