Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұрила Малтабарова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында белгісіз пневмонияға қатысты пікір білдірді.
Өкпеге коронавирустық зақым тигізу немесе бактериалдық пневмония туралы ақпарат тарап жатыр. Бактериалдық пневмония мен вирустық пневмонияның өкпеге тигізетін әсері туралы да айтылып жүр. Оны белгісіз пневмония деп те айта алмаймыз. Шетелдік әріптестерімізбен қанша зерттеулерді қарап жатырмыз, - деді ол.
Ол айтып өткендей, ел арасында бактериалдық пневмонияның көбейіп кеткені де айтылып жүр.
Белгісіз пневмонияның пайда болуы туралы әңгімелер шығып жатыр. Ол бактериалдық пневмония мен вирустық пневмонияның көбейіп кетуіне қатысты бұл аурулардың айырмашылығын білмей қалуға байланысты айтылып жүр деп ойлаймын, - деді ол.
Айта кетейік, "Астана медицина университеті" ҰАО медициналық жедел жәрдем, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі баспасөз конференциясында коронавирус індетінің 3 кезеңі туралы айтып берген еді.