Өскеменде жүлде қоры 25 мың доллар тұратын қыздар арасындағы ITF World Tennis Tour W25 сериясы басталды. Аталған турнирдің басты сенсациясы Малика Әмірғалиева болды, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz. сілтеме жасап.
ШҚО теннис мектебінің өкілі Малика Әмірғалиева жүлделі доданың басты қаһарманына айналып, негізгі кезеңге өтті. 14 жасар қазақстандық финалдық жолдамаға талас кезінде, әлі WTA рейтингісінде есімі жоқ болса да, ресейлік 18 жастағы Николь Мишиевті 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Сонымен Kazzinc Open турнирінің басты әрі негізгі ойынында 5 қазақстандық өнер көрсетеді: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Мария Синицына (уайлд кард), Татьяна Николенко (уайлд кард) және Малика Әмірғалиева.