Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік телеарналардың бірінен сөйлеген сөзінде Ибрахим Бубакар Кейта өзінің шешімін оның билікте тұрақтағаны үшін қан төгілгенін қаламайтындығымен түсіндірді, деп хабарлайды ru.euronews.com.
Көтеріліс жасаған әскери күштер Мали халқын құтқарудың ұлттық комитетін құратыны жөнінде жариялады. Бұған дейін қамауға алынған ел Президенті Ибрахим Бубакар Кейта отставкаға кететінін және парламенттің таратылатынын мәлімдеген болатын. Мемлекеттік телеарналардың бірінен сөйлеген сөзінде ол өзінің шешімін оның билікте тұрақтағаны үшін қан төгілгенін қаламайтындығымен түсіндірді.
Мен Мали халқына осы ұзақ жылдар бойы қолдағаны үшін және халықтың мейірімі үшін алғысымды білдіргім келеді және осы сәттен бастап биліктен, барлық өкілеттігімнен бас тарту туралы шешім қабылдадым, - деді экс-президент.
Әуелде жалақыға байланысты ел астанасы Бамаконың маңында әскери көтеріліс ретінде басталған тәртіпсіздіктер бірнеше ай бойы үкіметке қарсы наразылықтардан кейін билікті басып алуға әкелді.
Кейта сыбайлас жемқорлыққа, экономиканы басқара алмау және елдің кейбір ауданындағы зорлық-зомбылықтың өсуіне байланысты жалпыхалықтық наразылық аясында 2018 жылы екінші мерзімге қайта сайланған болатын. Жағдай исламистік көтеріліс пен COVID-19 пандемиясы салдарынан одан сайын шиеленісе түсті.
Елдегі оқиғаларды Африка Одағы, Америка Құрама Штаттары және Малидің саяси дағдарысында делдал болуға тырысқан ЭКОВАС деп аталатын аймақтық блок айыптаған еді. 2013 жылдан бері Африка бұл елінде бітімгершілік миссиясын қолдап келе жатқан Франция да елдегі жағдайға алаңдаушылық білдірді.