Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді вакцина салдырған туристерге Малайзия шекарасы ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шетелдік саяхатшылар міндетті карантиннен босатылды. Енді келушілер екпенің екі дозасын салдырып, ПТР-тест нәтижесін көрсетсе жеткілікті.
Денсаулық сақтау министрі тиісті ережелер сақталмаған жағдайда қатаң жаза қолданылатынын ескертті.
Билік өкілдері екі жылғы пандемидядан кейін туризм саласын қайта жаңғыртуды көздеп отыр.