Малави вице-президенті Саулос Чилима ұшақ апатынан қаза болды

11 Маусым 2024, 14:42
513
Бөлісу:
Малави вице-президенті Саулос Чилима ұшақ апатынан қаза болды
Фото: pixabay.com

10 маусымда Малави вице-президенті Саулос Чилима және тағы 9 жолаушысы бар ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін радарлардан жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Times Now телеарнасы ел Үкіметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Өкінішке қарай, 2024 жылы 10 маусымда басталған із-түзсіз жоғалған ұшақты іздеу-құтқару жұмыстары қасіретпен аяқталды, - делінген хабарламада.

Қираған ұшақтың бөліктері Чикангава ормандарынан табылған. 

Айта кетейік, әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де елдің солтүстігіндегі Мзузу халықаралық әуежайына қонуға тиіс болған. 

Чилима Малавидің бұрынғы әділет министрі Ральф Касамбараның жерлеу рәсіміне қатысу үшін ұшып бара жатқан.

Бүгін ел билігі ұшақтың апатқа ұшырағанын, ішіндегі жолаушылардың бірде-бірі тірі қалмағанын мәлім етті.

Малави мемлекетінің басшысы Лазарус Чаквера қаза болғандардың барлығы жер қойнына тапсырылғанша ұлттық аза тұту күнін жария етті.

Өзгелердің жаңалығы