Мал жаю ережелерін бұзғандар анықталды

9 Тамыз 2022, 14:04
1526
Бөлісу:
Мал жаю ережелерін бұзғандар анықталды

Елорданың табиғатты қорғау полициясы мал жаю ережелерін бұзғандарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің полицейлері әкім аппаратының, аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол бермеу фактісі бойынша елорданың тұрғын үй алаптарын, айналма тас жолдарды аралап шықты. Сондай-ақ, тұрғындармен мұндай фактілерге жол бергені, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудың ветеринариялық-санитариялық нормаларын сақтау шараларын қолданбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы әңгіме жүргізілді.

Осылайша, рейд барысында 15 бас жылқы, айналма жол бойында иесіз жайылып жүрген 130 қой анықталып, олар Алаш тас жолы бойындағы уақытша жануарларды ұстау мал қорасына жіберілді. ҚР Ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша мал иелері ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, сәйкестендіру ережелерін бұзған 40 бас жылқы анықталды, ақпарат Ақмола облысы бойынша аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясына шешім қабылдау үшін берілді.

Жыл басынан бері «102» арнасына иесіз жануарлармен байланысты оқиғалар фактілері бойынша 300-ден астам хабарлама келіп түскен. Өтініштердің негізгі саны жолдың жүріс бөлігінде жылқылар табынының болуымен апатты жағдай туғызуына байланысты, бұл көбінесе жол-көлік оқиғаларына, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы