Жаңа 2021 жылдың 1-14 қаңтары аралығында аудан аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың көптеп тіркелу фактілері орын алуына байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасы негізінде тиісті шаралар қабылданды.
Ауданның бас санитар дәрігері А.Кемеловтың 2021 жылғы 13 қаңтар №2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысы негізінде аудан көлемінде 14-28 қаңтар аралығында аудан аумағында коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаңдатылған карантин және шектеу шаралары енгізілді.
Қаулыда көрсетілген талаптар қатаң сақталуы талап етіледі. Және де коронавирустық инфекция мен пневмонияның вирустық түрі анықталған азаматтар тиісті талапқа бағыну тиіс, яғни үй ошағында оқшауланған отбасылар 14 күндік карантин режимін бұзуға жол бермеуі тиіс, өз бетінше оқшауланған аймақты тастап үйінен шығып кетуіне, немесе оқшауланған үй жайына өзге азаматтардың келуіне жол бермеуі тиіс. Бұл жөнінде ауданда құрамында құқық қорғау орган қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен тұратын жедел мобильді топ өкілдері түсіндіру жұмыстарын атқарады.
Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова аудандағы ауру ошақтары көптеп таралуы орын алған өңірлердегі оқшауланған азаматтардың талапқа бағынуы қажеттігін ескертіп, мобильді топ өкілдерімен және карантин ошағында оқшауланған азаматтармен кездесу өткізді.
Карантин режимін бұзған азаматтар вирустық инфекцияның өзге тұрғындарға көптеп таралуына жол беруде. Сол себепті оқшауланған азаматтар және ауру белгілері расталған азаматтар карантин тәртібін бұзған жағдайда әкімшілік шара қарастырылып, бекітілген көлемде айыппұл салынатындығын ескертеміз. Өз денсаулықтарыңыз бен жақындарыңыздың амандығына жауапкершілікпен қарауларыңызды сұранамыз - деді А.Ешанқұлова.