Максим Рожин: Заң сапасыз болса, өмір сапасыз!

25 Қараша 2023, 08:00
1989
Бөлісу:
Максим Рожин: Заң сапасыз болса, өмір сапасыз!
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаты Максим Рожиннің "Шаңыраққа" келуін ұзақ күттік. Себебі, мәжілісменнің бос уақыты жоқтың қасы, кестесіндегі бір азғантай бос мезетті іздеуге тура келді.

Осы күткеніміздің нәтижесінде депутат та тамаша сұхбат берді. Максим Рожинді бүкіл қазақ таниды, біледі, құрмет тұтады. Мәжілісменнің әңгімесі Мәжілістен басталды.

Мәжілістің жұмыс режимі оңай емес, оның ырғағына бірден үйлесіп кету өте қиын. "Депутаттар жиналып алып қол көтеріп қана отырады" деп ойлайды жұрт, әр дауыс беруіміздің артында қаншама жауапкершілік барын терең ұғамыз - деп ағынан жарылған депутат көп жайтқа қанық етті.

Осы жазда бірнеше депутат әскерге барып қызмет еткенде таңқалған едік. Соның бәрі осы Максим Рожин еді. Депутаттан осы сапардың мән-жайын егжей-тегжейлі сұрап білдік.

Жалпы, жарты сағаттың ішінде көп сауалға жауап алдық, депутаттың ағынан жарылып, ақтарыла айтқан әңгімесіне риза болдық.

Сіз де көріп шығыңыз!

"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

Бұған дейін "Шаңырақтың" алдыңғы санындағы қонағы - көкшетаулық Сергей Нестер болды. Ол руым - Арғын ішіндегі Даңқой дейді.

Өзгелердің жаңалығы