Бұл туралы саясаттанушы, дінтану институтының ғылыми қызметкері Рүстем Мұстафин BAQ.KZ тілшісіне саяси сапардың маңыздылығы туралы айтты.
Франция президенті Эммануэль Макрон мырзаның сапары Еуропалық Одақтың жалпы сыртқы саяси бағытының бөлігі ретінде қарастырылуы керек. ЕО осы елдер көшбасшы болып табылатын өңірлерде Ресей мен Қытайдың ықпалын азайту мақсатында бірқатар елмен, соның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайту стратегиясын әзірледі. Негізгі назар экономика, сауда, энергетика және қорғаныс өнеркәсібі салаларына аударылады. Жекелеген Еуропа елдерінің ғана емес, бүкіл ЕО – ның Қазақстанмен және басқа да Орталық Азия республикаларымен қарым-қатынасты нығайтуға деген ұмтылысы жоғары. Бүгінгі күн тәртібіндегі сауда, экономикалық, саяси, гуманитарлық салаларда Батыс Еуропа көшбасшысы тарапынан Орталық Азиядағы орны бар деп айта аламыз. Эммануэль Макронның Қазақ еліне сапар жасауы мемлекетіміздің беделді, стратегиялық серіктес ретінде қабылдауы, – дейді Рүстем Мұстафин.