Франция мен Украина президенттері Эммануэль Макрон мен Владимир Зеленский «ниеттестер коалициясы» саммитінің алдында Парижде кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
ВВС таратқан ақпаратқа сүйенсек, Макрон мен Зеленский Елисей сарайының алдында жүздесіп, келіссөздер жүргізген.
Макрон келіссөздерден соң Франция Киевке қосымша 2 млрд евро әскери көмек бөлетінін айтты. Бірлескен баспасөз мәслихатында Зеленский мен Макрон Ресей алдын ала талаптарсыз Украинада 30 күндік атысты тоқтатуға келісуге міндетті екендігін айтты.
Француз көшбасшысы сондай-ақ Мәскеуді ол әлі күнге «соғысқа қол созып отырғанын» жариялап отыр деп айыптады. Сонымен қатар соғыс әрекеттеріне нүкте қоятын соңғы кезеңнің келгенін алға тартты.