Макрон Мосулға барды

29 Тамыз 2021, 21:27
7621
Бөлісу:
Макрон Мосулға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз президенті Эммануэл Макрон “Ислам мемлекеті” террористік ұйымының бұрынғы қолдаушысы болған Ирактың Мосул қаласына барып, елдің діни жамағаттарын соғыста талқандалған мемлекетті құруда "бірлесе әрекет етуге" шақырды.

Азаттықтың қырғыз редакциясының мәліметіне қарағанда, 29 тамызда Макрон Мосулдағы қираған шіркеуде тұрып сөйлеген сөзінде Франция "консулдық қызметін қайта ашатындығын" айтты. 

Мосул - негізінен сунниттер орналасқан қала. Олардан бөлек әртүрлі діни этностар да осы қаланы мекендеген. 2017 жылы қала "Ислам мемлекеті" террорлық тобының қарамағынан азат ету кезінде соққының астында қалып, талқандалған болатын.

Макрон осындай өте ескі қаладағы исламшыл-жиһадшылар қиратып кеткен "Ан-Нури" мешітінде де болды.

Франция басшысы Ирактың солтүстігіндегі Күрдстан аймағының орталығы Эрбилгеге де барып, ол жердегі француз жауынгерлерімен де кездеседі.

Макрон Франция Иракта терроризмге қарсы күресу үшін әскерилерді бұл елде тағы біраз уақытқа ұстайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы