Макинск құс фабрикасы өртенді

29 Сәуір 2021, 20:10
1629
Бөлісу:
Макинск құс фабрикасы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс фабрикасындағы өрт 43 минутта сөндірілді.

Макинск құс фабрикасы өртенді
Бүгін, 29 сәуір күні сағат 17.34-те Бұланды ауданының өрт сөндіруші-құтқарушыларына Макинск құс фабрикасының №7 ғимаратында өрт болғандығы туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында 800 шаршы метр аумақтағы өртті 43 минутта сөндіріп, өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді, – деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Макинск құс фабрикасы өртенді

Өрт кезінде ғимараттың бос болғандығын және құстардың зардап шекпегендіктерін атап өткен жөн. №7 ғимараттың жалпы ауданы 1930 шаршы метрді құрайды, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрт 18.04-те оқшауланып, 18.18-де сөндірілді. Өрт орнында 10 өрт сөндіруші-құтқарушы, Макинск құс фабрикасының 7 және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері жұмыс істеді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Макинск құс фабрикасы өртенді

Өрт болған жағдайда шұғыл түрде «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыз, - деп атап өтті облыстық ТЖД.

Өзгелердің жаңалығы