Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды

11 Желтоқсан 2024, 13:17
467
Бөлісу:
Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Қазақстанның ерлер құрамасы бокстан Азия чемпионатында алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз Махмұд Сабырхан өзбекстандық Шахзод Музафаровтан басым түсті.

Ал Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының финалында өзбекстандық спортшы Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны күміс медальмен толықты.

Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты. Ол өзбекстандық Миразибек Мирзахалиловқа жол берді.

Өзгелердің жаңалығы