Махамбеттегі Сарайшық ауылында бөгет астынан кеткен суға тосқауыл қойылды

14 Мамыр 2024, 09:05
409
Бөлісу:
Махамбеттегі Сарайшық ауылында бөгет астынан кеткен суға тосқауыл қойылды
VIDEO
Фото: скрин

Махамбеттегі Сарайшық ауылында бөгет астынан кеткен су тұйықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрынғы жер асты құбыры болған орын жарылып, салдарынан бөгеттен су кету дерегі 14 мамыр, сағат түнгі 01:20 шамасында болған еді.

Археологиялық қазба орнына жақын жердегі бөгет астынан бұрынғы жер асты құбыры болған орын жарылған.

Бөгет бойында түнгі кезекшілікте жүрген азаматтар ауылға төнген қауіп жөнінде дабыл қақты. Оқиға орнына ауыл тұрғындарымен қатар аудан, Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаев жетті.

Шұғыл түрде 11 техника мен жергілікті азаматтар жұмылдырылып, бөгет жанына құм төгіліп, ағын суға тосқауыл қойылды.

Шұғыл шаралар нәтижесінде ауылға су кіру оқиғасы орын алған жоқ. Қазіргі уақытта қосымша бөгет соғылуда.

Айта кетейік, Сарайшық ауылдық округіндегі бөгеттің ұзындығы 13,6 шақырым. Оның ішінде бөгеттің 5,4 шақырымы қайта жаңғыртылған қолданыстағы ескі дамбы. 8,2 шақырым бөгет жаңадан соғылды.

Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында 506 үй, 2972 тұрғын бар.

Өзгелердің жаңалығы