Қазіргі уақытта алғашқы медициналық көмек беруде бірінші кезекте қолданылатын дәрілер аудан бойынша дайындалған эвакуациялық пункттерге жеткізіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Қауіпті аймақтарда орналасқан Сарайшық, Талдыкөл ауылдарындағы амбулаториялардан вакциналар аудан орталығына алынды. Ондағы мақсат - вакциналарды сақталу тәртібінің және жарамдылық жағдайының бүлінуіне жол бермеу, - деді Махамбет ауданы орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Сержан Сандыбаев.