Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды - делінген хабарламада.
Туған жылы: 1978 жылы 7 қараша
Туған жері: Алматы қаласында туған.
Білімі: «Тұран» университеті (1999) Экономист
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясы (2003) Халықаралық қатынастар саласындағы маман
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (2010) мұнай-газ кен орнын өндіру
2001-2004 жылдары – «MI Drilling Fluids International» (Schlumberger) Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер, АҚШ және Малайзияда тағылымдама.
2004-2007 жылдары – өндіріс бойынша менеджер («MI Drilling Fluids International» Ақтау филиалының басшысы).
2007-2010 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.
2010- 2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.
2012 – 2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
2013 – 2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.
2014 –2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі
2019 жылдың 17 маусымынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.