Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-не 4 444 800 теңге айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-іні әкімшілік жауапкершілікке тартып, бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 4 444 800 (төрт миллион төрт жүз төрт мың сегіз жүз) теңге айыппұл салды, - делінген хабарламада.
"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-і "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-і суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру реттелетін қызметіне бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 пайызынан астамын орындамағаны анықталды.