Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Жұмағалиев айтты.
Құрметті достар! Өздеріңізбен жақсы жаңалықты бөліскелі отырмын. Біздің қазақстандық магистр-студенттер мен ғылым докторлары енді «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы арқылы тағы бір жетекші оқу орнында, атап айтқанда, озық әзірлемелер саласындағы флагман Эразмус университетінің Межицин орталығында үздік нидерландтық докторлар мен профессорлар және ғалымдардан білім алып, тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Медицина орталығында 14 мың қызметкер жұмыс істейді екен.
Бұл туралы университет басшылығымен, сондай-ақ онлайн режимде бізге қосылған қазақстандық 5 медициналық жоғары оқу орнының ректорларымен, «Болашақ» басшысымен және Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен болған кездесуде келістік. Эразмус университетінің Медициналық орталығына Эразмус университетінің медициналық мектебі және 1 мың пациентке арналған 3 университет ауруханасы кіреді. Жыл сайынғы бюджеті 2 млрд доллар, оның 306 млн доллары ғылыми-зерттеу жұмыстарына және білім алуға жұмсалады. Медицина орталығында 14 мың қызметкер жұмыс істейді және 2,5 мың студент білім алып жатыр, - деп жазды Асқар Жұмағалиев.