Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл – Испания астанасындағы эпидемологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қабылданған жаңа шектеудің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сонымен қоса талапқа сай, барлар мен мейрамханалардағы сыйымдылық 50 пайыздан аспау керек. Дүкендер түнгі 10-ға дейін ғана жұмыс істейді. Айта кеткен жөн, жуырда Испанияда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллионнан асты.
Қазіргі жағдайда вирустың тарауын тежеу үшін ең бастысы жүріс-тұрысты шектеу керек. Әсіресе түнгі уақытта тұрғындардың әрі-бері көп қатынамағаны дұрыс. Сондықтан түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін кез келген кездесулерге, тіпті отбасылық жиындарға тыйым салынады. Ал күндіз жиналуға болады. Алайда адам саны 6-дан аспауы тиіс, - дейді Мадрид денсаулық сақтау департаментінің басшысы Энрике Руис Эскудеро.