Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды

28 Наурыз 2019, 20:04
1995
Бөлісу:
Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірқатар ауыз-түйіс іске асырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.







Өзгелердің жаңалығы