Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына тағайындалды

6 Ақпан 2024, 18:14
518
Бөлісу:
Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мәди Төкешұлы Такиев 

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «іскерлік әкімшілдендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 ж. – Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019 жылдың 12 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болды.

2020 жылы қыркүйекте Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдары және «Салық қызметінің үздігі».

Өзгелердің жаңалығы