Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Ернат Мұхамадиев Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.</h4> <h4><br> </h4>

 24 Ақпан 2021 2021, 18:02
24 Ақпан 2021 2021, 18:02
1672

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2012 жылы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады. 

2014-2016 жж. — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды. 

2016-2017 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2017-2019 жж. — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. 

2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Наверх