Мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет – Мемлекет басшысы

17 Маусым 2023, 11:59
956
Бөлісу:
Мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет – Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Түркістанда өтіп жатқан құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу керек екенін айтты,-деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президентің айтуынша, елімізді жаңғырту үшін «жұмсақ күштің» мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған жөн. Сыртқы істер министрлігі жанындағы «КazAID» халықаралық даму агенттігі осы жұмысқа ұйытқы болуға тиіс.

Көптеген мемлекетте мұндай ұйымдар ұлттық брендті, тарихты және мәдениетті насихаттайды. Сол арқылы мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етеді. Сыртқы саяси бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Кәсіпкерлердің әлемдегі беделін арттыруға көмектеседі. Жаңа ғана Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кәсіпкерлерді қолдау қажеттігін атап өтті. Бұл да – өте орынды бастама. Шын мәнінде, қазақтың мәдениеті сан түрлі саланы қамтиды. Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Оны заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттау керек,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Ясауи кесенесінің маңызды ескерткіш екенін айтты.

Мысалы, өзіміз іргесінде отырған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бай тарихымыздың символы саналады. Оның ұлт руханиятындағы орны ерекше екенін білесіздер. Осы кесенеге ұлттық мәдени-тарихи ескерткіш мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізілген. Мен мұны қолдаймын,-деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы