Маңғыстаулық полицейлер қарақұйрықты атқан браконьерлерді ұстады

9 Қаңтар 2020, 16:21
2095
Бөлісу:
Маңғыстаулық полицейлер қарақұйрықты атқан браконьерлерді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлікті тоқтатқан кезде оның ішінен Қызыл кітапқа енген қарақұйрық табылған. Браконьерлердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 7 қаңтар күні болған. "Браконьер" атты жедел-профилактикалық шара жүргізу барысында полицейлер Бейнеу ауданында екі ер адамды ұстаған.

Олар мотоциклмен жүрді, өздерімен бірге құжаттары болмады. Көліктен өлі қарақұйрық табылды. Сонымен қатар, олардан 16 калибрлі қосауыз мылтық, оншақты оқ және пышақ алынды. Заң бұзушылардың көлігі айыппұл тұрағына қойылды, - деді ведомствода.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркелді.

Сот-криминалистикалық сараптама тағайындалды. Аңды атты деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.



Өзгелердің жаңалығы