Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Жамал Жаманбаева тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспаөз қызметі тағайындалды.
ҚР денсаулық сақтау министрінің келісімімен және Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Жамал Жаманбаева басқарма басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарып келген болатын,- делінген хабарламада.
Жамал Әбдібекқызы 1965 жылы 15 тамызда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Таушық ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1988 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтын бітірген.
1988-1989 ж.ж . – Жаңаөзен қалалық перзентхана интернатурасында;
1989-2002 ж.ж. – Бейнеу аудандық перзентханасында босану бөлімінің меңгерушісі;
1996-1997 ж.ж. – Бейнеу аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары;
2002-2004 ж.ж. – Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы;
2004-2009 ж.ж.- Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы;
2009-2011 ж.ж.-Ақтау қалалық перзентханасының директоры;
2011 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін – Облыстық перинаталдық орталықтың директоры қызметін атқарды.