Маңғыстауда вирус жұқтырған 2 адам анықталды

22 Сәуір 2020, 09:30
1013
Бөлісу:
Маңғыстауда вирус жұқтырған 2 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы хабарлады.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 2 адам анықталды. Олар 24 және 29 жастағы Ақтау қаласының  тұрғындары.  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта олар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылған, – делінген хабарламада. 
 Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 

22.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 16 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. 
 
Өзгелердің жаңалығы