Мақтаарал: Тағы үш ауылға қауіп төніп тұр

2 Мамыр 2020, 09:25
1491
Бөлісу:
Мақтаарал: Тағы үш ауылға қауіп төніп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандағы Мақтаарал ауданының тағы 3 ауылын су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, ауданда коллектордан су төгілуіне байланысты Жаңатұрмыс, Жеңіс ауылдарын су басқан.

Қазіргі уақытта Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елді мекендері тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Мырзакент пен Атакенттің арақашықтығы - 35 шақырым. Мырзакент елді мекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар. Ал Фердоуси елді мекенінде - 314 үй, 2377 адам, Жантақсай елді мекенінде - 95 үй, 700 адам тұрады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы