Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді - Тоқаев

27 Сәуір 2020, 12:12
1309
Бөлісу:
Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді  - Тоқаев
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мәлімдемесінде айтты.

Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек, - деді президент.

Сонымен қатар, Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек беретінін атап өтті. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы