Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудің Шереметьево әуежайында "Sukhoi Superjet 100" жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл жайында ТАСС агенттігі хабарлады. Әуе кемесі Мәскеуден Самараға ұшуы тиіс еді.
Ұшақтың бортында 75 жолаушы және 5 экипаж мүшесі отырған. Ешкім жапа шеккен жоқ. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыш айналу радиусын дұрыс есептемесе керек.