Мәскеуде Мамин мен Медведевтің кездесуі өтеді

23 Сәуір 2019, 16:10
1770
Бөлісу:
Мәскеуде Мамин мен Медведевтің кездесуі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 сәуірде Мәскеу қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді.  Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген. 
ҚР және РФ Үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы