Алматы, BAQ.KZ. Мәскеудің Шереметьев әуежайында екі ұшақ соғылысып қалды. Бұл туралы kursiv.kz хабарлады.
229 жолаушысы бар «Аэрофлоттың» ұшағы Мәскеу-Бейжің бағыты бойынша ұшуға дайындалып тұрған. Алайда оған буксирмен сүйреп әкетіп бара жатқан Royal Flight әуекомпаниясының ұшағы келіп соғылған.Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ұшақты сүйреп алып бара жатқан жүргізуші ара қашықтықты дұрыс есептемеген, нәтижесінде Royal Flight пен Аэрофлот ұшақтарының қанаттары соғылысып қалған.
«Аэрофлот» әуекомпаниясының баспасөз қызметі ұшақтардың бүлінуіне байланысты SU202 Мәскеу-Бейжің рейсінің кешіктірілгенін растады. Әуе кемесінде отырған жолаушылардың барлығы дін аман. Компания жолаушылар үшін қосымша рейсті ресімдеген. Ал, екінші ұшақ бос болған.