Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күніне байланысты өткен мерекелік шарада он баланың анасы Әсия Мағамбетоваға тұрғын үйдің сертификаты табыс етілді. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында Мағамбетовтар әулеті үшін мерекелік концерт қуанышты оқиғадан басталды. Аудан әкімі Ермек Кенжеханұлы ұзақ жылдар үйді үміт жүрген Әсия Мағамбетоваға мемлекет меншігі атынан баспананың сертификатын табыстады. Он жыл бұрын үй кезегіне тұрған зейнеткер он құрсақ көтерген. Баспаналы болғанына шаттанған ана басшылыққа өз алғысын білдірді.
Бұдан бөлек шара барысында тағы да қайырымдылық істері жасалды. Өтініш айтып келген Қуаныш Убаевқа тұрғын үйге газ өткізуге сертификат тапсырылып, аудандағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері Евгения Шро, Карина Иванова және Арсен Ивановқа Нұр-Сұлтан қаласына баруға жолдама берілді. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бұл балалар облыстық және республикалық шараларда белсенділік танытып жүр. Аудан әкімі балаларға жазғы демалысты өте жақсы өткізуге тілек білдірді.