Мұрат Жүребеков ҚР бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды

25 Желтоқсан 2019, 17:32
2538
Бөлісу:
Мұрат Жүребеков ҚР бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, "Strathclyde" университетін (Шотландия), "Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама" мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

2001-2002 жылдары — "ҚазТрансГаз" ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы.

2002-2004 жылдары — "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің менеджері.

2004-2005 жылдары — "Аджип ККО" компаниясында Өкілетті органының техникалық тобы жанындағы маманы, Лондон қ.

2005-2010 жылдары — "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары. 

2010-2017 жылдары "PSA" ЖШС жұмыс істеді. Келісімшарттар мен маркетинг монторингі департаментінің директорының орынбасары; бизнес пен жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі басқарушы директор; экономика, қаржы, аудит пен бюджет жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 

2017–2019 жылдары — "PSA" ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы).

2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

 

Өзгелердің жаңалығы