Мәнерлеп сырғанаудан Japan open жарысы кейінге қалдырылды

16 Тамыз 2020, 10:45
1866
Бөлісу:
Мәнерлеп сырғанаудан Japan open жарысы кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық конькишілер одағының ресми сайты (ISU)  мәнерлеп сырғанаудан халықаралық Japan Open додасының шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Ол Жапонияның Сайтама қаласында 3 қазан өтуі тиіс еді. Алайда, қазіргі жағдайға байланысты бәсекенің өтетін уақыты ауыстырылған. Аталған доданың нақты өтетін уақыты алда хабарланады. 

Теннистен Римдегі "Мастерс" додасын ұйымдастырушылар да жарыстың өту мерзімі өзгергенін ресми түрде хабарлады. Аталған турнир  Мадридте өтпей қалған "Мастерс" бәсекесінің орнын басады және АҚШ ашық чемпионатынан соң бірден басталады. 
Римдегі турнир 14-21 қыркүйек күндері Форо Италико кортында өтеді, - делінген ресми хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы