МӘМС жүйесіне 1 млн-нан астам астаналық тіркелді

18 Қазан 2019, 01:33
15494
Бөлісу:
МӘМС жүйесіне 1 млн-нан астам астаналық тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 1 млн 139 мың 564 адам тұрады. Оның 1 млн-нан астамы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде МӘМС-ті енгізу басталады. Ол бойынша әр адамға мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек қарастырылады. Оны қаржыландыруға 3 жыл бойы 2,8 трлн теңге бағытталатын болады. Ол жобаның мақсаты – медициналық қызметтің сапасын жақсарту мен қолжетімділігін арттыру. Сондай-ақ, МӘМС аясында денсаулық жүйесін дамытуға қосымша 2,8 трлн теңге бөлінеді", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова МӘМС жүйесі бойынша әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірнеше себебі бар.

"Бұл алдымен халықаралық тәжірибе. Дамыған елдерде медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне мемлекет жауап береді. Қазақстан бүгінде бұл тәжірибені сәтті қолданып жатыр. Сондай-ақ, жыл санап халық саны артуда бұл өз кезегінде медициналық көмекті талап ететін жандардың санының артып келе жатқандығын көрсетеді. Өз кезегінде МӘМС бірнеше медициналық қызметті біріктіреді. Атап айтқанда жедел жәрдем және санитарлық авиация, тіркелген жері бойынша тегін алғашқы медициналық көмек, шұғыл станционарлық көмек және паллиативтік көмек", - деп қосты ол.

Бүгінде елордада халықты МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету 94,6% құрайды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2019 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішіне сәйкес, мдеициналық мекемелерде 1 млн 139 мың 564 адам тіркелген.

"Әрине, бізге барлық тұрғындардың тіркеліп, медициналық көмек алғаны маңызды. Дегенмен бізде мемлекеттік медициналық мекемелерге тіркелмей жүрген азаматтарда бар. Өкінішке қарай тіркелмеген азаматтарды біз МӘМС жүйесіне қоса алмаймыз. Қазіргі таңда елордада 13 179 адам тікеуде жоқ", - деді Сәуле Қисықова.




Өзгелердің жаңалығы