МӘМС. Ең аз сақтандырылған қай облыстың азаматтары?

27 Тамыз 2020, 09:32
2052
Бөлісу:
МӘМС. Ең аз сақтандырылған қай облыстың азаматтары?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШОБ секторында жұмыс істейтін 800 мыңнан астам адам МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды.

Олар жүйеде сақтандырылған болу үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің тізімін беріп, ай сайын https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша жаңартуы керек. Жұмыс беруші өз қызметкерінің сақтандырылуына, медициналық көмекті уақытында ала алуына олардың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты екенін түсінуі қажет. Өкінішке қарай, кейбір өңірлерде ШОБ субъектілерінің тартылу деңгейі төмен.

25 тамыздағы жағдай бойынша ШОБ жұмыс берушілерінің 41% ғана өз қызметкерлерінің деректерін өзектендірді. Яғни, жұмыс берушілердің уақтылы ақпарат беруіне байланысты Қазақстан бойынша ШОБ қызметкерлерінің жартысынан көбі сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, - делінген хабарламада.
Талдау көрсеткендей, Алматы облысында (субъектілердің 73% деректері өзектендірілген), Батыс Қазақстан (67%) және Қостанай (58% жуық) өз қызметкерлерін медициналық сақтандыру туралы қамқорлық танытқан ең жауапты жұмыс берушілер.

Түркістан облысының жұмыс берушілері ең аз белсенділік танытуда - ШОБ субъектілерінің 84% жұмыскерлерінде сақтандырылу мәртебе жоқ, Атырау облысы - 67% астам, Нұр-Сұлтан қаласы - 64% астам және Алматы қаласы - 64% жуық.

Осы өңірлердің шағын және орта бизнес субъектілері Қорға қызметкерлер тізімін беру жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет. Ол үшін https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша өту керек және БСН арқылы тізімнен өз ұйымыңызды табу қажет. Заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен тіркелу және қордың ақпараттық жүйесіне кіріп, пайдаланушы келісіміне қол қою. Содан кейін МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН еңгізу (бір Excel файлымен немесе әр қызметкерге жеке). Одан әрі, деректерді ай айдың 25 дейін жаңартып отыру қажет, - делінген қордың баспасөзі таратқан хабарламада. 

Қызметкер Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын қолдана отырып, өз деректерін дербес бере алады. Өтініште ұйымның деректерін көрсету және растайтын құжатты бекіту қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек шарты).

 

 



Өзгелердің жаңалығы