Мүфтияттың аппарат жиналысында 50 мәселе қаралды

3 Қараша 2019, 12:55
1651
Бөлісу:
Мүфтияттың аппарат жиналысында 50 мәселе қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратының кезекті хаттамалық мәжілісі өтті, деп жазады muftyat.kz.

Аппарат жиналысына бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, мүфтият қызметкерлері қатысты.

Алқалы жиында 50 мәселе қаралды. Атап айтқанда, республикалық ақпараттық-насихат тобына тәжірибелі ұстаздарды енгізу, "Хикмет" телерадиостудиясының жұмысын жетілдіру, Қыз-келіншектер секторының жұмысын жандандыру, жаңа мешітті тіркеудің электрондық базасын қалыптастыру, "Мұнара" газетіне ағартушылық, рухани-танымдық бағытта мақалалар жазу, насихат шараларында әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану, халал өнімдерін стандарттау ісінде сапаға мән беру сынды 50 мәселе талқыланып, хаттамалық тапсырмалар берілді.

Басқосу барысында ҚМДБ Аппарат басшысы бас мүфтиге қызметкерлердің ағымдағы жұмысын баяндап берді.

2 сағатқа созылған мәжілісте бас мүфти Серікбай қажы Ораз ІІІ республикалық имамдар форумының жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, енді әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175, Алтын Орданың 750, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойларына дайындық жұмыстарын қазірден бастауды тапсырды. 

Өзгелердің жаңалығы