Мұғалім мен оқушының техникамен қамтамасыз етілуі маңызды – Шолпан Қадырова

17 Тамыз 2020, 13:33
2323
Бөлісу:
Мұғалім мен оқушының техникамен қамтамасыз етілуі маңызды – Шолпан Қадырова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қашықтан оқыту үшін мұғалімдер мен оқушылар компьютер және интернетпен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова әкімдікте өткен онлайн брифингте сөйлеген сөзінде айтты.

Ата-аналарды алаңдататын мәселелердің бірі – қашықтан оқыту. 1 қыркүйектен бастап елордалық мектептерде 1-11 сыныптарда оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бұл жағдайда барлық карантиндік шаралар қатаң сақталады. Қашықтан оқыту үшін мұғалімдер мен оқушылардың техникамен және интернетпен қамтамасыз етілуі маңызды. Бұл үшін мұғалімдер мен оқушылар арасында компьютер қажеттілігіне мониторинг жасалды. Осы ретте компьютер мен интернет сатып алу жұмыстары жүргізілуде, - деді Шолпан Қадырова.

Басқарма басшысы әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балалар міндетті түрде компьютер және интернетпен қамтамасыз етілетінен айтты. Олар - жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, ерекше білім беруді қажет ететін және көпбалалы отбасыдан шыққан балалар.

Естеріңізге сала кетейік, баланың мектепке керек-жарағына мемлекеттен бір оқушыға 40 000 теңгеден әлеуметтік төлем беріледі.

Өзгелердің жаңалығы