Ұлыбританияда қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалды

26 Маусым 2020, 11:50
1793
Бөлісу:
Ұлыбританияда қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Препарат аурудың емдеуге келмейтін формаларын емдеуге көмектеседі.

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (NHS) ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасап шықты, ол аурудың емдеуге келмейтін формаларына көмектеседі. Бұл туралы Daily Mail газеті хабарлады.

Entrectinib дәрісі ісіктің ағзада орналасуына қарамастан одан құтылуыға көмектеседі.
Entrectinib сияқты дәрімен емдеу жолы арқылы ісіктің орналасқан жеріне қарамастан, оның жайылуын белсендіретін генетикалық мутацияға бағыттай отырып, обырды емдеу әдісін жаңартуға болады, – деді NHS ғалымы Мейндерт Бойсен.
Обырды емдеудің дәстүрлі әдістері қатерлі ісіктің орналасқан жеріне негізделген. Жаңа дәрі сирек қатерлі ісік ауруларынан зардап шегетін 12 және одан жоғары жастағы адамдарға арналған.
Өзгелердің жаңалығы